Posted in

КҮЙІСІНЕН (КҮЙІСТЕН) ЖАҢЫЛДЫ

Өзіне тән ерекшеліктерінен айрылды; әдетінен жаңылды, қате басты, жолынан адасты. * Әншейінде сағат сайын сөйлеп беріп, хал-жай білісіп тұратын ағайын күйісінен жаңылып, тым-тырыс жатып алды. Қ.Жұм. * «Нені ексең, соны аларсың» деген нақыл, Таппай ма әркім өзі жүрісінен. Деп айтып: «Қатам жоқ-ау бір ісімнен, Баспаймыз, қиянатқа, баспаймыз» деп, Тағы да жаңылысады-ау күйісінен. Шәді Жәңгірұлы.

  • Сәкен Ғылмани жоғарыда айтқанымыздай, тек ислам ілімі мен сара сөздің ғана көрнекті өкілі емес, сондай-ақ, «замана күйісінен жаңылған» аласапыранды уақытты көзімен көріп, топас саясаттың тоқпағын жеп, трагедиясын басынан бір кісідей кешіп, «соқтықпалы соқпақтан» өткен тұлға. С.Байбосын. * Бірақ күйлі комбайн да кейде күйісінен жаңылады. Ол май жетпей кілт тоқтағанда, барлық еңбек ырғағы да күйінен жаңылғандай болатын шақтар бар. БАҚ. ~ «Соңғы көшке» айтқан бұл ақылыңыз «Таңғажайып дүниеде» керісінен келген. Бірақ бұл жолы Қазақстандық оқырмандарға тағы да «шайнап» беремін деп, күйістен жаңылып ашықтан-ашық алдап-сулауға басқансыз. Ж.Шәк. ~ Нені айтпақшы болғанынан аусай кеткен Қажекең «күйістен» жаңылып әрнені шатпақтайды. Ж.Шәк.