Posted in

КҮЛГЕ АУНАП ТАПҚАНДАЙ (ТАПҚАН ЖОҚ, ТАППАЙДЫ)

Баланы ойнастан тапқан жоқ д.м. * Енді бәрібір кетемін. Сенің ана маңқасы аққан балаларыңды жек көремін» дейді мен бір оларды күлге аунап тапқандай. Т.Сәу. * Күлге аунап тапқан балам жоқ, әкемін десең, қызыңды сен де сүйреп көр! — деді де, бұрылып жүре берген. Д.Әш. * Сонда қайт дейсің маған. Ұрғашы деген күлге аунап бала таппайды, Тойбай. Н.Дәут. ~ Шыңғысты туғаннан кейін-ақ, жатын бөлмеге жоламай қойды емес пе, мен бала таппасын деп. Баланы күлге аунап табам ба?, – деп ащы запыранын төккен қызы он бес жылдан бергі ашпаған сырын он бес сөзбен ақтарып салды. С.Досж. ~ Ой, қатырыпты-ау! Күйеусіз баланы күлге аунап тап- пақпысың?! Ө.Кәр.