Posted in

КҮЛДІ-КӨМЕШ

Шикілеу, күлдібадам, арзанқол, сапасыз, бір қайнауы ішінде д.м. ~ Сен қарама, жан досым, пендешілік көзіңмен, Сүйе көрме мені еш күлді-көмеш сезіммен, Ол шеңберге сыймаймын, ауқымдырақ өлшеммен Жаратылған ғаріппін, пенделіктен тарықтым… Қ.Кенж. ~ Сенатордың әлгі сұрақтары кеудедегі күлді-көмеш бірдеңелерді түртіп оятқандай еді… Б.Тоғ. ~ Қалжыңдаса кететін қатары емес. Көрге кіргенше күлді көмеш болып тағы отыра алмайды. Енді не істеу керек? – Қали шырақ, жаңадан шыққан кітаптарың болса, бір-екеуін берші, үйге апарып ермек қылып жатайын, – деді Тәкең. Қ.Қай.