Бәйбіше мен тоқал арасындағы күндестік; бақталастық, көре алмау, қызғаныш. ~ Ұлжан бұған біраз көз салып тұрып: – Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. М.Әуез. ~ Мағжанмен күлi күндес боп келе жатқан әлгi ағаш аяқ «рыцарь» бұл жолы бәрiнен асып рекорд жасады – шойнаңдап барып, Бiрiншiнiң иығына шапан жапты. Т.Сәук. ~ Аңыз сыры сәулесіндей түнгі айдың, Баяғыда-а, деп бүгінді жырлаймын. Күні түгіл күлі күндес таласқан Екі әйелі болған екен бір байдың. К.Бұғыб.
