Posted in

КҮЛІ КӨККЕ ҰШТЫ

Быт-шыты шықты; аяғы аспаннан келді; тас-талқан болды. ~ … орта мектепті алтын медальмен бітіріп, ертең институтқа сынақсыз түсем бе деген дәменің күлі көкке ұшып, көкпаршының қанжығасында кетіп бара жатқандай болатын. Ә.Нұрп. ~ Енді дүние қайта орнына келместей… Сол бір шаң-тозаңға айналған қалпы біржола күлі көкке ұшатындай. Ә.Кек. ~ Аспанда алаулаған ай тұтылып, Өрт шашып, ұшқын атып өтіп жатыр … Туған ел тілегінен сауыт кидім,. Айқаста жаудың күлі аспанға ұшты. С.Мәул.