Posted in

КҮМІРЕМ ҚАПТЫ (ҚАПТЫРДЫ

Қайғыға батты; күлудің орнына жылады д.м. * Өнбей жатып, көктей солған шөпті ая; Өршімей жатып, төгіліп біткен өтті ая; Өксімей жатып, өмірем қапқан кекті ая; Күлмей жатып, күмірем қапқан бетті ая… Ә.Кек. ~ Жәнібек Керімді қасына шақырды. Түсі жылы. Бірақ кім біледі, ол күліп отырып-ақ жұртты күмірем қаптыра салады, қозы артында жатпасын кім біліпті. Б.Қыд. ~ Осы менің үйіме кім келіп, кім кеткені сендерге не үшін керек? Әлде мені әңгімелемесеңдер ішкен астарың сіңбей ме? — Ол күлген болады. Онысы шеберлерге күмірем қаптырамын дегендей көрінеді. Б.Қыд.