Posted in

КҮМІС КӨМЕЙ

Ділмар шешен; ғажайып әнші. ~ Түс қайта үш жүздің игі жақсылары төбе басына жиналды. Дені білікті би, атақты батыр мен от ауыз, күміс көмей ақын-жырау. Хан мен сұлтанның бірі жоқ. Халық хабарды ханға емес қарасына беріпті. С.Смат. ~ Күміс көмей әншінің ән салғандағы даусы қандай асқақ болса, сөйлегенде де солай күмбірлеген қоңыр даусы құлаққа соншама жағымды екен. Қ.Мүб. ~ Үлкендер айтса – бұрынғылардың барлығы күміс көмей әнші, бәрі домбыра күмбірлеткен күйші бопты. Ж.Шағ.