Posted in

КҮМІС НҰРҒА ШОМЫЛДЫ

Тұла бойы арайлы ақ сәулеге малынды. ~ Әлгінде ғана ымырт жабылып, кеспірі кете бастаған қысқы өлке тілмен жеткізгісіз күміс нұрға шомылып, сиқырлы да сайқал қылықпен жарқырап-жайнап түрленді-ай. О.Бөк. ~ . ай астында күміс нұрға шомылған еңселі таудың үрей ұялаған қойнауынан суырыла шыққан қыз даусы нәзік те еркін самғаумен түнгі ауада бозторғайдай шырылдап, іліне, мәңгілікке қатып қалғандай еді. О.Бөк. ~ Ақ көрпесін айқара жамылған айналаңыз жылдың басқа мезгіліндей емес, күміс нұрға шомылып, қараңғылыққа ырық бермей ұзап барып ұғысады, түннің қап– қара отауына барып кіреді. О.Бөк.