Posted in

КҮМІС ҚОҢЫРАУДАЙ СЫҢҒЫРЛАДЫ

Құлаққа жағымды естілетін, әдемі, ашық үн, дыбыс туралы. * Жолдыбай тұңғиық аспандағы алақабдан бұлтқа қарады. Елең- алаңнан ұшқан тырналардың күміс қоңыраудай сыңғырлаған үніне құлақ түрді. Т.Рыск. ~ Он төрт-он бес жасынан ойын-тойдың көркін аша бастаған ерке қыз ән-күйге әуес, өнерге құштар. Күміс құмырадай сыңғырлаған тұп-тұнық даусымен тәп-тәуір ән де салатын. Ү.Жәл.