Posted in

КҮНДЕЙ КҮРКІРЕТТІ

Абыр-дабыр, у-шу қылды, есін шығарды, үркітті. ~ Шекердің қабағы, еріні аттай тулап келе жатқанда, бай балалары көп жылқыны күндей күркіретіп, қиқулап айдап, сиырды басып кете жаздап үстінен өтті. Ж.Айм. ~ Мұны айтсам сен: «Білсең несіне сұрайсың?» деп, дауысыңды күндей күркіретіп, мұртыңнан найзағай шашыратып шыға келесің. Ә.Нұрш.