Posted in

КҮНДЕЙ СҰЛУ (КӨРКЕМ)

Жүзі жарқыраған ерекше сұлулық хақында. ~ Сен күйеу боп Ширван сарайына кіргенде, қор қыздарындай құлпырып «жезде» деп алдыңнан еркелей шыққан күндей сұлу жас балдыздарың қазір Ашраф жігіттерінің қорлығынан тоқсандағы кемпірлердей қартайған, беттерін әжім, көкіректерін қайғы басқан… І.Ес. * Тоқтай-Тұғлу-қатынды Жәнібек он бес жасында алған. Бұ да кезінде күндей көркем, айдай әсем болған Жәнібек бұдан екі бала көрген. Бірі ерте өлген. І.Ес.