Posted in

КҮНІ ҚАРАҢ (БОЛДЫ)

Өмірі надандықта, қорлықта өтуде деген мағынада. ~ Шет шығып сахарадан баспас қадам, Болады бүйтіп жүріп қашан адам? Бейхабар ғаламдағы хикматтан, Тұтқындай қапастағы күні қараң. М.Дул. ~ Ол жақта да сормаңдай қазақтың күні қараң екен. Б.Тоғ.

  1. Жағдайы нашар; күн көрісі қиын; басына ауыртпалық түсті. ~ Бала-шағаны асырап отырған азын-аулақ нәпақадан айрылып қалса – күні қараң ғой. Л.Сәрс. ~ – Сен, Ұмсындық, жеңешеме тиісе бермегін. Онсыз күніміз қараң, білдің бе? Ш.Құм. ~ Дәмегөйлер көбейген сайын анадан арда туған “дара дананың” күні қараң бола бастайды. И.Сап. ~ Дәмегөйлер көбейген сайын анадан арда туған “дара дананың” күні қараң бола бастайды. И.Сап.