Асыл уақытын әлдебір (көбінесе – мардымсыз, мағынасыз, берекесіз) іске сарп етеді. ~ Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды? Абай. ~ Бірақ бүл буынның адамның тәжірибесі, тәрбиесі жетілмегендіктен істеген ісінде үстірттік, төселмегендік көп шығып, ойлаған мақсатына жете алмай, ескі өмірдің жауыздығымен алысуымен күні өтеді. Ж.Айм.
