Таң атқаннан кешке дейін. ~ Күн бойы еріккен балалар ән айтады, би билейді. Ақшасы барлар арзан вино сатып ішеді. Б.Тоғ. ~ Бұл ойым іске аспады, қырсық атқан ауыр күн болды. Сансырап, салым суға кетіп, камерада күн бойы дөңбекшумен болдым. З.Нұрт. ~ Сүлеймен тұрып келіп, аттың тізгінінен ұстады. Екі күн бойына арпалысқанда бурылдан мықтап бір жеңілгені, мықтап алданғаны осы еді. Б.Соқ.
