Posted in

КҮН ДЕМЕЙ, ТҮН ДЕМЕЙ

Күні-түні, тынымсыз. ~ Күн демей, түн демей отрядты алып келе жатқан — Асан Айтжанов. С.Елу. ~ Сол күзде шешесіне бір жөтел жабысты. Тық-тық жөтел күн демей, түн демей өрши берді, өрши берді. К.Жүніс. ~ Күн демей, түн демей үш сөтке бойы ішімдікке салынған организм мүлде әлсіз еді, алқынып, пора-пора терледі. Ә.Тар.