Жағдайы нашар, күні қараң. Әлдебір себептен қиындыққа ұшырау, запа шегу, күні қараң болу хақында. ~ «Қаланың ішінде бізге күн жоқ, маңайдағы ауылдарға барып жан бағайық», – деп ойладым… С.Досж. ~ «Иә, жұрттың айтқаны рас екен, бұл барда бізге күн жоқ екен» деп ойлаған ішінен. Қ.Жұм. ~ Қазір деген, газетсіз күн жоқ секілді ғой өзі. Т.Әбд. * Маңайыма жанасып кеткендерге пәлем жұғатын нағыз құбыжыққа айналғаным ба? Аман болса екен! Балтасыз маған күн жоқ. Жетті көзім. С.Смат. * Қар басының тынысы кең, масасы аз, әрі өзенге жақын, малшының ізін қумаса балташыларға да күн жоқ … Қ.Ысқ.
