Posted in

КҮН КЕШТІ

Өмір сүрді, тірлік қылды, күнін көрді. * Ал өмір бойы шотты тықылдатып, ауыр еңбекпен күн кешкен Қауғабай ұрпағының бір бүйірі шығып, дүниені оңды-солды еркін жұмсаған күні болды ма? О.Сәрс. * Әкем өлді. Жаны жаннатта. Мен жалғыз қалдым. Жалғыздыққа — көкірегім шерге толып, жапанда күн кешуге әуелден-ақ жазған екен. М.Мағ. * Мешіт маңындағы қыстақта тіршілік құрып жатыр. Ноғайқұл болса әр төбеге бір шығып ебі – тебі күн кешті. Енді орнынан түсті. Т.Әл. * Қойын сойып жеп бітіріп‚ еміп отырған егістік жерін өңдей алмай қолды бір сілтегендердің бәрі осы құрқылтайдың ұясындай дүңгіршекке бала-шағасымен тығылып күн кешіп отыр. Қ.Түм.