Posted in

КҮН (КҮННІҢ) ҚАБАҒЫ

Ауа райының құбылысы. ~ Асқар-таулар, күн қабағын тұр бағып, Түн көгіне алтын айды сырға ғып. Бара жатыр менің арман-қиялым, Уақыттың толқынымен бірге ағып. Қ.Бұғ. ~ Директордың бұл мінезін жігіттер де жақсы біліп алған. Күннің қабағына бір қараса, Машановтың қабағына екі қарайды. Қ.Жұм. ~ Таң алды, сондай қаралы, Жұлдыздар сөніп барады. Ұлғайтып ұмыт наланы, Бүгінгі күннің қабағы. М.Рай.