Posted in

КҮН (ҚҰДАЙ) БІР ЖАУСА, ТЕРЕК ЕКІ ЖАУДЫ

Бір айналдырғанды шыр айналдырады д.м. * Жантас. Мың асқанға бір тосқын деген. Күн бір жауса, терек екі жауып… Онсыз елдің жылауы, дерті аз боп тұрған жоқ бұл күнде. Мынадай қан жылап тұрған күнде көзге шұқымасаңдар етті тым құрмаса. М.Әуез. * Жантас (болысқа). Біз қарсы болғанда күн бір жауса, терек екі жауғанына қарсымыз. Болыс. Неғыпты, не бола қапты? Екі жауып? Алыпқаштыға, көптірген өтірікке сеніп жүрсіңдер ғой. М.Әуез. ~ Жақсыдан туған жаманды қартайғанда көрдік. Ана бір шоқынды тілмашқа қосылып алып, ел басына күн бір жауса, терек екі жауадының керін келтіріп жүрген де солар… З.Шүк. ~ Бөкен қораның ішін бір-екі айналып өткен соң Тоқан ағай: … Бір күн жауды. Екі күн … «Құдай бір жауса, терек екі жауды» деген осы да. Д.Әш.