Posted in

КҮН ТИМЕГЕН

Сұлудың әппақ тәні хақында. * Түрегеле бергенде үстіндегі осы жолы астанадан киіп келген алды ашық халаттан жас әйелдің күн тимеген аппақ тәні жарқ етіп, жанарын арбап алған-ды. Ә.Нұрп. * Бұйралана ұйысқан қалың жүн қоғадай жапырылып, астынан күн тимеген аппақ денеге қан жүгіріп, бес саусақтың ізі бес тармақ боп салаланып келіп, бір арнаға құйылды. С.См. * Ақбота үстіндегі қазақы киімдерін судыратып шешіп, тек жұпжұқа іш киімімен ғана қалғанда шамды жарқырата, күн тимеген ақкүміс санын көрсетті. О.Бөк. * Ол қызға жалт қарады батыр сонда: – Япыр- ау, қалай түстің мұндай торға. Перизат секілдісің күн тимеген Жолықтың, қалқатайым, нендей зорға? “Жәнібек б.”