Posted in

КҮН ТИІП, ЖЕЛ ҚАҚҚАН

Күн астында, жел өтінде еңбек ету хақында. ~ Күн тиіп, жел қаққан қара торы томпақ беті күреңіте қалып, шарасы шағын, өткір қара көзі жайнап, сұңғақ шымыр денесін тік ұстап, сөзін еркін бастады… С.Ом. ~ Өмірі күн тиіп, жел қақпаған аққұба, балғын жүзі қазір ыстықтан быршып, күреңіте түсіп, жібек күркелі балдахананың ішінде көзін ашып- жұмып зорға отыр. Қ.Жұм.