Posted in

КҮН ҚҰРЫҚ БОЙЫ КӨТЕРІЛДІ

Сәскеге жақындаған уақытты білдіретін халық өлшемі. ~ Әлден уақытта ауылдың жанындағы қоңыр төбенің айналма бұрышынан бір атты көрінді. Күн құрық бойы көтерілген. Даланы басқан аппақ қар күміс түсті дария секілді. К.Қаз. ~ Күн құрық бойы көтерілгенде жұрт біртүрлі маужырап сала берді. Соқа ұстаған әйелдер де, өгіз айдаған балалар да қалғып келеді. К.Қаз.