Posted in

КҮН ҚҰРҒАТПАЙ

Күн сайын, күнде; құдайдың құтты күні. * Қыруар шаруадан қол үзіп, ел қорғау үшін күн құрғатпай майданға аттанып жатқан ер-азаматтың орны үңірейе бастаған қиын-қиын күндер туды. М.Айым. ~ Асасы, осы жұрт та ақымақ. Пахраддиннің байлығы деп күн құрғатпай өрістегі малын санайды. Әй, қандай ессіздер-ай! С.Елу. * Атығай-қарауыл жайлаған өлкенің ашылар биік қақпасы. Астың хабары бұл араға күн құрғатпай жетіп жатқан. С.Жүн. * Дәмханаға күн құрғатпай келетін әйел-еркектер қашан көрсең де қалталары қағылғанша ішіп, әбден қызара бөртіп мас боп отырғандары, ал ішетіндері көбіне өздері бір жартыдан немесе бір литрден сатып алатын шарап. Э.Хэм. (Н.Әбут.)