Ауыр ойға берілді, уайымға салынды, көңілі бұзылды.
~ Көңіл шырқы бұзылып, әрқайсы өз ойына күпті боп, дауыл басылғанша біріне-бірі тіл қатпай, ұрысқан адамдай отыра берді. З.Шаш. ~ Академик Вергинский сөзінде тұрған. Осы жақында өткен сайлауға Күнтуарды академияның мүшелігіне ұсындырған. Күнтуар босқа күпті болған екен, қарт ғалымның еңбегімен жұрт көптен таныстықтан сайлауда бір дауыстан өткен. І.Ес.
- Бойын мақтан кернеді, көңіліне жел бітті. ~ Қозыкөш жерге шапқаны мен аз нәпақа тапқанына күпті боп аптығы басылар. Р.Отар.
- Майлы тамақтан немесе асты тым көп ішкеннен, асқазаны ауырып, тамаққа қарай алмай қалды.
~ Қарын жұмыс істеуге жарамаған соң, ішіміз бұзылады, ауырамыз. Өте көп жеп жіберсе, кісі күпті болып, жаман ауырады. Тіпті өліп те кетеді. А.Байт. ~ Қанипа жым болды. Шайды самарқау ұрттап, жұқалап сары май жаққан бір тілім қара нанды әрең тауысты. Күпті болып қалғандай тамаққа тәбеті шабатын емес тіпті. С.Омар.
