Posted in

КҮПТЕЙ БОЛДЫ

Қампиып, ісіп кетті; торсиды. * Жаулығы қоқырайған Қара бəйбіше күптей боп жұртта шалқиып тұрып, кейбір жүгі ауған түйелерді көріп: – Дүйсенбай, Дүйсенбай! Сен қайда жүрсің ана ауған түйені бұрмай? – деп шаңқ-шаңқ етеді. Ж.Айм. * Мен білсем бұл жұмыс Әбеннен келді, – деп күптей болған көк тұмсық, тарғыл бет адам cap шақшасын сермеп, бір қозғалып қойды. — Ана жылғы қасқа атын орысқа әпергеннен бері оның ішіне қан қатулы болатын. «Әй, бір қылсам ба!» – деп соның кезенуі жаман еді, – деді. Ж.Айм. * Ал мылқау құлы Қараүлек Кенесарының жауырынына өрмелеп шығып қалған жыланды жалаңаш қолымен лақтырып жіберем деп, күптей боп ісіп кетіп, бір жеті жатыпты. І.Ес.