Posted in

КҮПІРЛІККЕ БАРДЫ

Астамшылық қылды, күнәға батты, ақ жолдан тайды. ~ Ордасынан шыққан Қалдан ханның көзінен мөлт – мөлт жас көргенде, күпірлікке барып, күдік білдіргендер ездерінен сескеніпті. С.См. ~ Онда маған бас ұрып кішілікпен тәжім етуге тиістісің, – деді Шатыр маңызданып. – «Биіктік тәңірісі» деп жар саласың. Жағың талғанша айқайлайсың. — Өйтіп күпірлікке барар жайым жоқ, – деді Үй салқын райда.