Posted in

КҮРЕП (КҮРЕКТЕП) АЛДЫ

Олжаға кенелді. * Ауыл адамдары үшін ақша табудың кәзіргі жолы мынадай: қалаға бір қап ұн апарып сатса, бір қап етіп ақшаны күреп алады. Б.Соқп. * Күреп алып үйренген машығы ғой, Бұл жігіт шынын айтты енді қайтсын? “Айман-Шолпан”. * Қыс қиын, соған қарамастан Дәушеннің шығынсыз мал төлдетіп жатқанына риза болдым. “Шығынсыз шықсаң, күллі ауданға үлгі етем, премияны күреп аласың”, – деп арқасынан қақтым. Ә.Асқ. ~ Енді не болды? Мына сықпытыммен қалай көрінемін? Кетсем бе екен Шолақтауға? Алтынды күректеп алатын Шолақтауға? Сары сағым-сары айдаһардай бүктетілді, бүлкілдейді. Ш.Мұр.