Posted in

КҮРЕСІНГЕ ЛАҚТЫРЫЛДЫ (ТАСТАДЫ)

Керексіз болып қалды. ~ Кісіге кісінің жақсылығы, жәрдемі, перзенттік парыз, ата-анаға
қамқорлық деген ұғымдар тозығы жеткен ескі зат сияқты күресінге лақтырылды. Т.Сәу. ~
Мен олардың құрығына іліккенім жоқ. «Ағайын өкпеге қиғанмен, өлімге қимайды» дейді
ғой. Құдайға шүкір, бауыр­ларым бар. Олар мені күресінге тастамады. Кешірді. С.Олж. ~
Көнбегенсіз ғой, зады? – “Көніп қоя ма?” дегендей көкесі бастырмалата сөйледі. Одан да тірідей өлгенім артық. Көнбегесін ғой жағадан алып, күл, күресінге лақтырып
тастағаны. М.Қаб.