Posted in

КҮРТ КЕТТІ

Қатты айтты, ашуын тежей алмады, төтесінен қимылдады, шешімтал әрекет етті. ~ Ғабдолда үн жоқ. Сөзге менің араласуыма тура келді. — Мақсұт, арақты ішсең іш. Ғабекең ішпейді. Ғабдол күрт кетті: — Жоқ, ішемін! Өзекті жанға бір-ақ өлім. Әпкел бермен стақанды! С.Шайм. ~ Нұртай ежелгі томырық мінезіне басып, салған жерден күрт кетті: − Тергеуге алатын мен не қылмыс істеппін? Әуелі, жөніңді айтып өлтірші! – Екі беті күйдірген қыштай қызара қалды. К.Қаз. ~ Абылайдың басы айнала бастады — бұл кәріліктің қол бұлғап шақырғаны; кәрілік — қуаныш емес, соңғы кездері осылай араластырып ішкенде күрт кететін болып жүр; сана шіркіннің де тозайын дегені ме?! Қ.Түм.
2.Тым әлсіреді, уайымға салынып, құлазып кетті. ~ Ол бір ауық өзінен де гөрі әкесін ойлайды. Мен жазым болсам, біржолата үміті өртеніп, тірегі құлап, күрт кетеді-ау! Түпсіз тұңғиыққа құлап кетердей, ұсынып кете ме?! М.Әу. ~ Осылайша өзгерген жан күрт кетті. Ондағы жалғыз елес, үздіксіз ой “ел жылаулар… жұрт зары… Тірлік кетті, өтті. Сол елді жылатып тұрған менің де өтіп бара жатқан тірлігім” – деп бекінді. М.Әу. ~ Абай сонда егіліп тұрып еңіреп жіберген. Ұзақ уақыт бойын жия алмай, бар еңсесімен бір тұңғиыққа қарай ұмтылып, құлай бергендей күрт кеткен екен. М.Әу.