Posted in

КҮРТ СЫНДЫ

Басына түскен ауыртпалықты көтере алмай, бірден жасыды, жүнжіді. ~ Кезінде көркемдігімен қыз-қырғынды талдырған ағамыз алпыстың тоғызына енді іліккенде аяқ-астынан күрт сынды… Қ.Ысқ. ~ Мезгілі жеткенде өзі де кеудеңнен сары запыран боп шығып бітер. Ал қазір… бұлай күрт сынды деп ренжіме, көке… Өзімді берік ұстап қалуға күшім жетпеді. Тым жақсы көретін едім мек Жаннатты… І.Ес. ~ Міне, өзінің сондай Сейітінен айырылып, ішінен күрт сына, ойсырап жүрген Әкбар кейде, сол бауыры бұның бар қуанышын бірге алып кеткендей құлазитын. Ж.Ахм.

  1. Оқыс өзгерді. ~ Қара суық күрт сынып, шілденің шіліңгірінде де борай салатын қарлы жаңбыр толастаған соң малдың көбең тарта бастағаны да енді ғана. Қ.Ысқ.