Күш-қайратын үдетті. ~ Әспет бірақ көнген жоқ. Қаттырақ күш салып, жігіт құшағынан босап шықты да, жылжып әрірек барып отырды. С.Шай. ~ Бірақ, осыдан кейін екі жақ та ұшқырларға аңдушы қойып, салым салғызбады. Шабандоздар көбінесе орта шенде ұйтқып, аттың беліне, тақымның қарымына күш салды. Т.Әл.
- Тырысты, талпынды, әрекет қылды. ~ Өзіңе мәлім, өңкей қулар Нұртайды құртып жіберуге күш салып бағып еді. С.Омар. ~ Бір ай сабақтан қалса да, бұл баланың үлгеруіне өзім күш салармын. Д.Әш.
