Кіжінді. ~ Кедей несін береді? Қай кедей ақша ұстап отыр дейсің? Көбі тамағын асырай алмай отыр… Салсын байға! Жалғыз қаралы кедей мен мың қарасы бар бай бірдей төледі деген не сұмдық? – деп Жақия омыраулап күш соғуға айналып еді. — Сен де қателесесің, – деп Жүсіп оны мойырып тастады, – алым-салыққа кездесіп отырғанымыз жалғыз осы ма? Неше peт салып ең байға? Ысқотта сенің сөзіңді кім тыңдайды?.. Құр үйде отырып күш соғасың, ысқотта алдымен осы сөзіңді де айта алмайсың ғой. Б.Майл.
