Текетіресті. ~ Үшбас түгіл, жетібасты жалмауызға айналып кетсе де, бір сұрапылды бастап жіберейін деп едім. Әттең, көше ортасы күш сынасатын ауыл сыртындағы ақ тақыр емес. Ақ тақыр, ақ тақыр, әй, тақыр–ай… Қадіріңді қазір біліп тұрмын–ау! М.Қаб. ~ Қанша айтқанмен олар әлсін–әлсін ат ауыстырып, бұларға жетері сөзсіз. Күтіп алып, күш сынасуға тағы болмайды. Бұлар аз, олар көп. Енді не істеу керек? С.Дос.
КҮШ ТАЛАСТЫРДЫ
Күресті, күш салыстырды. ~ Жетісуда, Алматыда жылда жер сілкініп тұрады. Мұның себебін оқымыстар жер қабаттары ығысқандықтан деп жорысады. Жер сілкінудің үшінші себебі – терең астымызда су мен қызудың күш таластырғандықтарынан. А.Бай. ~ Жылағысы кеп еді, бірақ көзінен жас шықпады. Кісіден көретін не бар, бұның өзі кінәлі; бастықтардың сырын білмесе екен-ау: білді ғой; біле тұра, есі дұрыс кісі құдіреттілермен күш таластыра ма? Ә.Нұрп.
