Ақиқат көзін ашты, рухани дамыды; таным өрісі кеңейіп, санасы жетілді. * Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім. Абай. * “… Бұл күнге шейін тәрбие ғылыми- күшейіп, етек алып, кәмелетке жетпеген, кейінгі басқышта жүрген ғылым. Ж.Айм. * Сол сықылды, тәрбиенің түпкі мақсаты – адамды кәмелетке жеткізу десе, ол кәмелетке де әркімнің қарауы әртүрлі. Біреуге кәмелет болып көрінген біреуге төменшік, кәдік болып көрінуі де мүмкін. Ж.Айм.
- Есейді, азамат болды, бәлиғат жасына толды. ~ Менің мұғалім екенім рас болса, мұндай іске жол бере алмаймын. Әмеңгерлік заманы өткен. Ықтиярсыз кәмелетке жетпеген баланы некелеуге қақыңыз жоқ, – деді Тұтан. Қ.Ысқ. * Өзі кәмелетке толмаған кезінде тісі шықпаған бір қозыны жазықсыз өлтірді. Қ.Түм. * Шіркін! .. Тезірек ер жетіп кәмелетке толсам үйленер едім»,- дейтін аузының суы құрып. С.Мұр. * Сонда кім мұның жоқшысы? Жалғыз ұлы ғана, тек сол аман ғана… ал ұлы жас, кәмелетке әлі толмаған, шикі өкпе, ши борбай. О.Бөк.
