Posted in

КӘМІЛ ПІРІ

Қолдаушысы, жебеушісі. * Баба түкті шашты Әзіз Алпамыстың тәніне қалқан болып, еш жерін күйік шалмады. Болмағасын, мыстан от ішінен байлап алып, Тайшық ханның қолына берді. Батырды атса, оқ өтпеді, шапса, қылыш кеспеді. Кәміл пірлері демеп тұрды. “Алпамыс б.” * – Жаратқан Ием, өзің пана болмасаң, халім мүшкіл. Бір өзіңді жадыма алып, жәрдем сұраймын. Мені дұшпанның тұзағынан құтқара гөр. Кәміл пірлерім сендерден медет тілеймін, – деді. “Алпамыс б.” * Шарға салып басыңды, Бола көрме сен құмар». Қанша айтса да Естеміс, Барғысы келді баланың, «Түсірем,— деп,— атып дәл, Кәміл пірлер болса жар». А.Байт. (“ҚҚҚ”) * Шыбын жаным көрінді Бүгін менің көзіме. Кәміл пірлер, құлақ сал Ауыздан шыққан сөзіме… А.Байт. (“ҚҚҚ”)