Көпті көрген кәрі адамды жорта жазғыра атау. ~ Елубай жақсы айтты, кәрі сайтан дұрыс айтқан жоқ па? Бұған Қадыр не дер екен? Түк айта алмайды. Елубайдікі тіпті дұрыс… Әрине, біз бір жерде отырғымыз келмейді, оның несі жақсы? Ж.Айм. ~ Кәрі сайтан бір күндік ұсталыққа шыдамаған екен. Келіншегін қой аузынан шөп айырмайтын менен қызғану еді, өзгелерден қалай қызғанбайсың. Т.Әл. ~ Әй, қаштың ба, енді, кәрі сайтан, тез шәйіңді қамдап жіберші, шөлдеп отырмын. Сенің іше бергенің біздің кемпірдің бал бергенінен тәтті болушы еді, — деді, әзілін дауыстай жалғастырған Сапар ағай. Ә.Әл. ~ Ерлерінің қайда жүргенін білмеу әйелге азап емес пе екен? Ерлер соны жете түсінсін деп жіберетін көрінеді!.. Старый чорт все понимает деген Хожа Насреддин!.. Кәрі сайтан бәрін біледі! — деді Самед. Ғ.Мүс.
