Санаулы ғана ғұмыры қалу туралы. ~ — “Апа” деген тіліңнен айналдым, күнім. Шүлдірлеген үніңнен айналдым, күнім! Кәрі саулықтың жасындай жасым қалғанда естімей кетем бе деген митық сөзім еді. Құдай аузыңа салған шығар, Ылизажан. С.См. ~ – Олай деме, шырағым. Жетпісті қаусырып, кәрі саулықтың жасындай санаулы күнім қалды. Өмірім жетсе, Құрмаш екеуің аманесен оралсаңдар, осы орнынан табасыңдар. К.Жүн. ~ Тұрмыс толық, өмір жарқын, ішсін, кисін, оны несіне қызғанайын. Кәрі саулықтың ғұмырындай жас қалғанда бөтеннің ырысына көз қызарту итіме керек пе? М.Қаб. ~ Ендігі қалған өміріме рахат тілеп отырғам жоқ, иман тілеп отырмын. Кәрі саулықтың жасындай өмірім қалды ма, жоқ па?.. Бір тұтам тірлікте сендер мен мал үшін жаманатты болатын жайым жоқ. Ә.Нұрп.
