Posted in

КӘРІ ТАРЛАН

Көпті көрген, кемеліне жеткен, батыр мінезді адам туралы. * Тағдырдың азалы гүрсілі құлақ тындырардай азаптаған шақта туған жердің тамылжыған әнін тыңдағандай кәрі тарланның сұрланған жүзі кенет жылып сала берді. С.См. * Ақ босағамызды қуанышқа кенелтіп, келін де түсірдік, немере де сүйдік қаншама. Соның бірінде сарқылып көрмеген сары самауыр ғой бұл. Атамның сөзін естіп, апамның көзін көрген кәрі тарланым — киелі затым бұл менің. Д.Әш. * Талайды көрген кәрі тарлан мән-жайды түсінгесін:– Түгелжан, жылама, айналайын. Көп жылай берсең, басың да ауырады. Енді осы жараның үстіне күнде ашқарында дәрет сындыра бер, сонда тез жазылады, – деді баланы жұбатып. Ү.Жәл.