Қулық-сұмдыққа жетік, әккі қу. * Tic қақты, кәрі шөңге емес пе. Ырашқа тігісін білдірмей істегенсиді. Эһ… Жөн ғой. Тек сен ойлағандай Ыраш бала ма екен. М.Сүн. * Шал қатты тіксініп қалғандай еді. Жүзі құп-қу боп кетті. Қанша қағысқанмен қатар өскен кәрі шөңге мұндай иттікке барады деп ойламаса керек. Қ.Найм. * … бір көрген Бекеттің өзін ата-бабасынан бермен қақпайлап әкеліп осы шаңыраққа жегжат қылып тынған кәрі шөңге ерлі-зайыпты мына екеуін тіпті жиендігі жоқ болса да жатсынбайтын сияқты … Қ.Ысқ. * Мен көпті көрген кәрі шөңгенің бірімін, қарағым, өзіңмен тілдесетін сөзім бар, – деп бұл кісі де әлдебір құпия айтардай түйілді. Ә.Асқ. * Аюлының алжыған ақ бас шыңы бөксесін ақ мамық көрпеге тығып алып мүлгіп отыр екен, орманның әр тұсынан сүзіле қалқыған бозамық түгін мәңгірген кәрі шөңгенің шәйден соңғы бұлау теріндей көрінді. Қ.Ысқ.
