Posted in

КӨБІК ҚАР

Жаңа жауған, беті көпіршіген ұлпа қар. * Тазы сау аяғымен қабірдің етегін қазуға кірісті. Жұқа көбік қар тез аршылды. Топырақ көрінді. М.Мағ. * Арқада ат сауырынан келетін көбік қар түседі ғой. Сол түні түнімен көбік қар жауып, таңға жақын басылмай ма. Т.Жұрт.* «Көктемеде бір тойдым, көбік қарда бір тойдым» деген мақалды апам айтушы еді-ау. Міне, сол айтқан көбік қар. Ү.Жәл. ~ — Балам, — дейді анда – санда Бектас қарт, — қой айтады екен, «көк соқтада бір тойдым, көбік қарда бір тойдым» деп. … Арман еткен көбік қары жауды олардың!.. С.Мұқ.