Posted in

КӨБІК ӨКПЕ

Іске икемсіз, ісіп-кеппе, шалағай. * Піскен бас, көбік өкпе бай баласын. Таң қылды, сөйлесе естен жаңылтқаны. «Кедейдің ақылы жоқ мәңгі» деген, Растыққа бай сөзін дарытпады. С.Тор. * Біреудің ерке әрі тентектеу һәм көбік өкпе жалғыз баласы болашақ қалыңдығының өзін бұлай алдағанына қиғаш қабақ көрсеткеніне шыдай алмай, оған үйленуден бас тартыпты. Б.Бүрк. (БАҚ)