Posted in

КӨЗДІҢ АҒЫ МЕН ҚАРАСЫНДАЙ

Екеуі де бірдей қымбат деген мағынада. * Бәйбішеден бала болмады, бұл дүниеден ернім жібімей кете ме деп қорқып едім, құдайға шүкір, құдай тілегімді берді. Тоқалдан туған екі ұл көзімнің ағы менен қарасындай. Б.Қыд. * Көзімнің ағы мен қарасындай қос қайным мен қос еркежаным бар! Қашанда той-қуанышта бірге болып, қуанышымды бөлісіп,сыйластықта жүрген алтындарым. БАҚ.