Posted in

КӨЗІМЕ СЕНЕЙІН БЕ, СЕНБЕЙІН БЕ?

Көріп түрғаным рас па д.м. (Әлдебір көрініске сенер-сенбесін білмегенде айтылады). ~ Ауызғы бөлмедегі абыр-дабырды естіп, бүйірдегі есіктен Жүсіптің өзі шықты. — Нәке, өз көзіме сенейін бе, сенбейін бе? Мынау анық сіз бе? К.Қаз. * Айналайын-ай, келдің бе?! Өз көзіме өзім сенейін бе, сенбейін бе?! Осы сен шын Райханбысың? Өзің мүлдем өзгеріп кетіпсің ғой. Самайыңа ақ кіріпті. Өңің сынық. С.Жүн. ~ Әбілбек. Одан да сұмдық, ағалар. Мінеки! (Газеттің бірін жайып.) Сенейін бе, сенбейін бе кезіме? (Жанасқа шұқып көрсетеді.) Мынасы сіздің қолыңыз Темірбеков Жанас. Ал мынасы (Арманға) сіздікі… Ә.Тәж.