Posted in

КӨЗІ ШЫРАДАЙ ЖАНДЫ

Ашуға булықты, көзі от шашты. ~ Басқарма мүшелері Төлегеннің сөзін жықпады. Сушы жігіт көзі шырадай жанып, шығып бара жатты. Б.Тоғ. ~ Жуантық келген, тығыншықтай Ждақай анадайдан барысша атылып, секіріп мінді арбаға. Көзі шырадай жанып, шашы тікірейіп алыпты. Жұдырығы түюлі. С.Елу.

  1. Ерекше ырза болып, жүзі нұрланды. ~ Алмас босағада быжылдап жанып тұрған темір пештің қасындағы дәу қара шайнектен бір кружка қайнаған су әкеп беріп еді, Пали оны басына бір- ақ көтерді. Көзі шырадай жанып, көндей құрысқан маңдайынан тер бұрқ ете қалды. С.Ом. ~ … ауыл қонғанда, түндікті айқара ашып тастап, көк сылаң түтінді бұрын шығарған келіншек бозбаланың көзіне іліккен бұлдіршін бойжеткендей екі беті албырап, екі көзі шырадай жанып, гүл-гүл жайнап құлпырып шыға келер-ді. Ә.Кек. ~ Шешесімен бірге жаз бойы колхоздың жұмысымен болып, қауын-дарбыз жеп жарымаған баланың көзі шырадай жанды. Т.Нұрм. ~ Шөкеде торсықты шайқаған еді шылдырлаған дыбыс шықты. Торсықтағы екі ауыз толым ашыған айран шөкенің көзін шырадай жандырды. Б.Жұм.