Posted in

КӨЗІНЕ КӨЗІ ТҮСІП КЕТТІ

Оқыс қарап қалды, назары ауды, көзімен көзі тоғысты. ~ Анадайдан сәлем беріп, келе Балташтың атын ұстады. Баяғысындай алақанын қалақ қып, Төлегеннің, жеңгейдің, Ақбілектің алақанына жапсырып, амандасты. Ақбілектің көзіне көзі түсіп кеткенде, қызарыңқырап қалды. Құрақ ұшып жүгіріп, есік ашып кіргізіп жүр. Ж.Айм. ~ Мен Шұғаға жақындадым.

— Жайың қалай? Тәуірмісің, — дедім. — Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды… Тәуір емеспін… Тәуір болуды тілемеймін де… Сәлем, сәлем айт?… — деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына тығулы орамалмен көзін сүртті. Б.Майл.