Біреуді өсек қылып, пәле жауып, абыройын төкті. ~ Қалың ел “бұл қоныстың пайдасын көріп пе едің?” десең: “Атамаңыз, ат керт етіп шөп жеген, ер қылқ етіп су ішкен жеріміз емес. Оны жеп жүрген, ішіп жүрген қолы жеткендер ғана!” – дейтұғын. Анығында Оразбай “жер үшін, ел үшін”, “елдің жауы”, “Тобықты намысы”, “жердің дауы” дегеннің бәрін жұрт көзіне топырақ шашып, қара борандатып айтады. Өз құлқынын, әдетте, осылай көздеп келіп, өтірігі-шынын қосып, аламыштап, қара бауыр арамдығына әкеп соқпай қоймайды. М.Әу. ~ Осы күнгі бастықтар мүйізімен іреп, аяғымен тарпып, айналасына, жұрт көзіне топырақ шашатын бұқа сияқты… Т.Рыск.
