Posted in

КӨЗІНЕ ТОПЫРАҚ ҚҰЙЫЛДЫ (ҚҰЙЫЛҒЫР)

Қайтыс болды, жан тапсырды, жерге көмілді. ~ Жанқожа ашуланды. Бұл Бекбауылдың қай құтырғаны? Әзір Нұрымбеттің көзіне топырақ құйылған жоқ. Басалқаны шал айтса жөн еді ғой. З.Шүк. ~ Е, бұл күнде ел пейілі тарыла бастады, аңшылықтың әңгімесін тыңдағанды қойып, мұның қатын- баласын аң етімен асырайтынынын көре алмайтын көзіне топырақ құйылғырлар көбейді. К.Сег.