Posted in

КӨЗІНЕ ШЕЛ БІТТІ

Кеудесіне нан пісіп, ешкімді менсінбейтін болды. ~ Анау, түкірігі жерге түспей тұрған, көзіне шел біткен бастықтың әйелі, шаптан түртіп, оны тулатып қою дұрыс, ондай адамның ер-тоқымын бауырына алып шыға келері сөзсіз. Ә.Тар. ~ Анау Бейсеннің тапқан табысын көтере алмай мастанып, көзіне шел бітіп, адам танымай кеткен жоқ па еді? Міне, ақыры не болды. З.Нұрт. ~ Ал, Мырзабай датқа көзіне шел бітіп, мансап буына булығып, бұхараға тізе батырғанда үлкен мансабына қарамай, ат үстінен жұлып алып, қамшымен қызыл ала қойдай қылып сабаған да Ерубай болыпты. Қ.Ерг