Posted in

КӨЗІНЕ ШЕЛ (БОП) БАЙЛАНДЫ (ҚАПТАДЫ)

Көретінді көрмеді. ~ Ол жоғарыда айтқандай, халықтың көзіне шел байланарын білмей, алфавит ауыстыруға құлықты болу еді. Қ.Ерг. ~ Қазақ көзіне шел болып байланған надандықты сылыса, қазақ аяғына кісен болып салынған ру, ақсақал, дін дәстүрлерін қиратса, лезде қабырғалы елдердің қатарына қосылып кетер едік-ау! Ғ.Мұст. ~ Көпжасардың көзіне шел қаптап тұрмаса, аса сұмдық азаптанып жатқандардың арасынан, ауылды шулатқан атақты ұры Баймырза мен үй тонаушылардың атаманы болып, жақында өлім жазасына кесілген, сетік танау дүңгенді жазбай таныған. Т.Рыск.