Posted in

КӨЗІНЕ ҰЙҚЫ ТЫҒЫЛДЫ

Ұйқы қысып, бүкіл денесі маужырай бастады. ~ Көзіне ылғи ұйқы тығылып жүретін, беті мыж-мыж ақсары кемпір оны анда-санда швабрамен бірер сүйреп өтеді де, сосын босаға тұсында қалғиды да отырады. Д.Әш. ~ Бірақ көп ұзамай біркелкі гуілдеген мотор үнінен, машинаның ырғауынан көзіме ұйқы тығылды. Т.Әбд.* Кеше де ұйықтамап едім. Көзіме ұйқы тығылып тұрғаны. С.Жүн. * Есінеп маужырай бастадым. Бөлменің іші ыстық, көзіме ұйқы тығылды. Д.Сэл.